419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарлық құтқарушылар боранда жолда қалғандарға көмек көрсетті

  • 69
Павлодарлық құтқарушылар боранда жолда қалғандарға көмек көрсетті

Павлодардың апатты-құтқару қызметі ақтүтек боранда далада қалған 13 адам құтқарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарағанды бағытындағы «Қызылорда – Павлодар» тасжолында қалған көлік иелері көмек сұрауға мәжбүр болған. Құтқарушылар 9 адамды жылыту пунктіне жеткізді. Тағы 4 адам Шідерті кентінен 40 шақырымдық жерде қар құрсауында қалған. Қазір боран басылып, барлық бағытқа жолдар ашылып жатыр. Соған қарамастан облыстық төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген кестеде жұмыс істейді. Аймақта 162 жылыту пункті бар.

Айдын Қажыбеков, облыстық ТЖД дағдарыс жағдайлары басқармасының басшысы:

- Қазіргі уақытта бір бағытқа ғана жол жабық. Ол Шідерті кентінен Қарағанды облысына дейін. Ауа райы қазір боран басылды. Бүгін 18 градус аяз.

Хабар 24 телеарнасы