Елімізде америкалық үлгідегі суару жүйелерінің зауыты ашылады

Мұндай жүйенің көмегімен су шығынын 50-70%-ке азайту мүмкін болмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет басшысы Асқар Мамин АҚШ-тың «Valmont Industries» компаниясының президенті Стивен Каневскимен келіссөз жүргізді. Тараптар бейнеконференция арқылы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу келешегін талқылады. Келіссөздер қорытындысы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі, қазақстандық аграрлық компания мен америкалық «Valmont Industries» арасында инвестицияларды тарту жөніндегі келісімге қол қойылды.