Қазақстанға әуе рейстері арқылы келген 94 жолаушы ПТР-тестіден өтпеген, деп хабарлайды «Хабар 24».
Олар Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкент әуежайларында анықталды. Тиісті медициналық құжаты жоқ бұл азаматтар сынама тапсыру үшін карантидік стационарға орналастырылды. Талдау қорытындысы жақын арада белгілі болады. Ал жалпы өткен тәулікте елге 16 ұшақпен 1764 адам жеткен.