Каспий теңізінде мәнерлеп сырғанаған жігіт көпшілікті тәнті етті

Каспий теңізінде мәнерлеп сырғанаған жігіттің бейнежазбасы әлеуметтік желіде жедел тарап, көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл бейнежазба Атырау облысы Құрманғазы ауданында түсірілген екен. Бейнеролик авторы 25 жастағы Әди Бектеміров өзі шекара қызметінде болса да, «бос уақытта табиғат аясындағы мұндай кереметтерді түсіру – хоббиім», – дейді. Бейнероликті кеше өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған. Осылайша, бейнежазба желі қолданушыларының назарына бірден ілігіп, қошеметке бөленді.

Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаушы да қарапайым ауыл баласы. «Негізгі мақсат – небір дүлдүл тұлға туған Құрманғазы ауданын танытып, Теңіз кереметін паш ету», – дейді бейнежазба авторы.

Бұған дейін Элизабет Тұрсынбаеваның Бурабай көліндегі әдемі биі көпшілікті тәнтті еткенін хабарлағанбыз.