Павлодар облысында Крещение мерекесіне орай суға шомылу рәсімі болмайды

Павлодар облысында Крещение мерекесіне орай өтетін мұзды суға шомылу рәсімі болмайды.

Діни мереке күні өңірдің су айдындарында мыңдаған тұрғын суға түседі. Бұл орындарда адам көп жиналатындықтан рәсімді өткізбеу туралы шешім қабылданды. Ал тұрғындардың арасында әлеуметтік қашықтықты бақылау мүмкін емес, дейді мамандар. Шіркеулерде жұртшылықтың көптеп жиналуын болдырмау үшін су таратын орындардың саны көбейтілмек. Мереке күні өзен-көлдерде рұқсат етілмеген ойықтар пайда болуы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін құтқарушылар күшейтілген жұмыс режиміне көшеді. 19 қаңтар күні облыс бойынша 200-ден астам маман кезекшілік атқарады.

Алексей Степанов, Павлодар және Екібастұз қалалары епархиясы Епархиялық басқармасының хатшысы:

- Шіркеулерде су тарату рәсімі өткізіледі. Санитарлық нормалар сақталады. Мәселен, әлеуметтік қашықтық пен бетперде кию режимінің бұзылуына жол бермейміз. Су тарату орындары әр храмның жанынан ұйымдастырылады. Рәсім далада, таза ауада жүргізіледі.