Шахтинск қаласының қолсыз мүгедек тұрғыны аяғымен ауланың қарын жинайды

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында тұратын Алексей Головкиннің екі қолы жоқ. Бірақ соған қарамастан кембағал жан аулаға түскен ақұлпаны аяғымен жинап, қарға түрлі ою-өрнек салады.

- Почти нету уже. Вот только чуть-чуть намело.

Алексей осыдан 9 жыл бұрын өндірісте қос қолынан айырылған. Содан бері үйде. Жалғыз қызы Белоруссияға көшіп кетіпті. 59 жастағы азаматтың үй шаруасына әлеуметтік қызметкерлер көмектеседі. Ал өзі төрт қабырғаға телміріп отырмас үшін аула тазалауды күнделікті әдетіне айналдырған. Аяғымен үйдің айналасын тап-тұйнақтай етіп, жиналған қардан түрлі өрнектер жасайды.

Алексей Головкин, Шахтинск қаласының тұрғыны:

- Бұл бір жағынан дене шынықтыру ғой. Жұрт ақша төлеп, түрлі жаттығу залдарына барады. Ал мен болсам таза ауада шынығамын. Әрі сауапты іс жасаймын. Енді көктемде аулаға гүл өсірсем деймін. Егер барлық тұрғын өзі тұратын үйінің маңайын күтіп ұстаса, қаламыз көркейер еді.