Өскемендегі дәмханалардың бірінде болған төбелес соңы өліммен аяқталды

Оқиға сондағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ер адам төбелес кезінде жанындағы серігіне бірнеше жерден пышақ салған. Жанжал болған жерге медицина қызметкерлері жедел жеткенімен, ол есін жимастан жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Осы оқиға байланысты 32 жастағы күдікті ұсталды. Оның бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.