426,05 517.06 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дубайдан келген екі қазақстандықтан коронавирус анықталды

  • 175
  • UPD: 12:02, 14.01.2021
Дубайдан келген екі қазақстандықтан коронавирус анықталды

13 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Нидерланд, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 16 халықаралық әуе рейсі келді.

1 379 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 190 адам, анықтамасыз 189 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 610 жолаушы, анықтамамен – 570, анықтамасыз – 40;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 540 жолаушы, анықтамамен – 391, анықтамасыз – 149;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 132 жолаушы анықтамамен келді;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 97 жолаушы анықтамамен келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 12 қаңтарында анықтамасыз келген 94 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай – Алматы рейсімен келген 2 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.

Хабар 24 телеарнасы