Ауылдарда енді ауыз су арзандайды

Сенат тиісті заңға енген өзгерістерді қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шалғай елді мекен тұрғындары осыған дейін ауыз суға қаладағыларға қарағанда ақшаны көбірек төлейтін. Өйткені су құбырларын жүргізу қымбатқа түсетін. Енді барлығы басқаша болады. Әзірге қанша теңгеге арзандайтыны нақты айталмады. Бірақ облыстық деңгейден аспайтыны анық. Осы күні отандастарымыз бір текше метр ауыз суға кемі 15 теңге төлейді. Осы ретте ауылдық мәслихатқа қосымша құзырет беріліп отырғанын айту керек. Енді елді мекендерді ауыз сумен қамтуды субсидиялау мәселесімен солар айналысады.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

– Ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – еліміздің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Соңғы жылдары Парламент қабырғасында ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері жүйелі түрде көтеріліп келеді. Депутаттар бастамашы болған осы заң ауылдық жерлердегі ауыз су мәселелерін шешу жолындағы маңызды қадам екені сөзсіз.

Сондай-ақ...