«Астана – адалдық алаңы»: Алтай Көлгінов пен Алик Шпекбаев бірқатар нысанды аралады

Елорда әкімі Алтай Көлгінов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «Астана – адалдық алаңы» жобасы бойынша жұмыс істеп жатқан бірқатар нысанды аралады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірінші кездесу Тұрғын үй саласында қызмет көрсету бойынша бірыңғай орталықта өтті. Бұл орталық арқылы қала тұрғындары баспана кезегіне тұрып, аудандардағы инстанциялардың табалдырығын тоздырмайды. Орталыққа күніне 300-ге жуық азамат келеді. Келесі нысан – Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің қызмет көрсету және кеңес беруге арналған фронт-кеңсесі. Мұнда мемлекеттік қызметтің 9 түрі ұсынылады. Бұл жерде азаматтар тіркеу туралы куәліктерді, әскери билет пен анықтамаларды ала алады. Одан кейін әлеуметтік дәріхана болды. Мұндағы дәрі-дермек бағасы қолжетімді екенін айтады фармацевттер.

Алик Шпекбаев, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінң төрағасы:

– Бұл бәрімізге қазір керек. Егер ашықтық болса, менің ойымша, сыбайлас жемқорлықтың деңгейі де төмендейді. Сервистік ашықтық әкімдіктер ашылып жатыр және Open Spaсe. Оның бәрі жемқорлық деңгейінің төмендеуіне себеп болып жатыр. Сондықтан жұмыстар жалғасады.