427,41 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Іле-Алатау ұлттық паркінде тұңғыш визит-орталық таныстырылды

  • 174
  • UPD: 16:59, 14.01.2021
Іле-Алатау ұлттық паркінде тұңғыш визит-орталық таныстырылды ECO NEWS

Алматыдағы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі алғашқы визит-орталық жұмысын бастады.

Аюсай шатқалында орналасқан орталық келушілерге ұлттық парк жайлы толық ақпарат ұсынатын, білім берумен және ағарту жұмысымен айналысатын кешенге айналмақ.

Бүгін оны таныстыру шарасына ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің төрағасы Асхат Қайнарбеков, қоғам белсенділері, ұлттық паркте экотуризмді дамыту бойынша құрылған қоғамдық кеңес мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Министрлік мәліметінше, визит-орталықтың модулі экологиялық материалдардан – отандық ағаш конструкциядан жасалған. Ғимараттың негізіне бетон құйылмай, оның орнына металл байлауы бар геобұрандалардан қойылды. Жобаны танымал сингапурлық архитектор дайындаған. Ғимарат Аюсай шатқалының ландшафтына үйлесіп тұр. Визит-орталық WI-FI интернет желісіне қосылған.

Визит-орталық қызметінің негізінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экотуризмді орнықты дамыту идеясы туралы  мәлімдемесі жатыр. Себебі оның салынуын парк аумағында эко-туризмді өркендетуге бағытталған инфрақұрылымның алғашқы баспалдағы деп атауға болады. Жалпы «Turanga Group» экотуризмді дамыту жобасы аясында төрт жыл ішінде 155 км жаяу жүру соқпағы жөнделіп, 17 жаңа жаяу және велосипед жолдары ашылмақ. Бұдан бөлек 10 глэмпинг, 2 кемпинг, 1 этноауыл мен 1 караванинг тұрғызылады.

Хабар 24 телеарнасы