419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Солтүстік Қазақстанда базарлардың бірінде 135 литр спирт тәркіленді

  • 57
  • UPD: 17:57, 14.01.2021
Солтүстік Қазақстанда базарлардың бірінде 135 литр спирт тәркіленді

Жыл басынан бері СҚО полицейлері 250 литрден астам заңсыз алкоголь тәркіледі, деп хабарлады Polisia.kz.

Петропавл қалалық Полиция басқармасының №4 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлары қаладағы базарлардың бірінде 135 литр спирт тәркіледі. Заңсыз алкогольді саудалау фактісі профилактикалық рейд барысында анықталды.

Петропавл қаласының 62 жастағы тұрғыны қатар-қатар орналасқан дүңгіршектердің арасында орналасқан көзге түспейтін шағын үйшікте спирт саудалап келген. Бір литр алкогольдік сұйықтықтың бағасы – 1500 теңге. Ер адамның айтуынша, ол өзінің бұл әрекетімен заң бұзғанын білген. Десе де соңғы айларда саудасын тоқтатпай, жалғастыра берген.

Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 463-бабы (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру) бойынша материал жиналды. Алкогольдік сұйықтық алынып, сараптамаға жөнелтілді. Жиналған материал шешім қабылдау үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберіледі.

СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев айтуынша, қаңтар айының басынан бері облыс полицейлері заңсыз кәсіпкерлікпен айналысудың сегіз фактісін анықтады, 250 литрден астам спирт тәркіленді.

Хабар 24 телеарнасы