415,57 504.70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыдағы қоғамдық көлікте электронды билет жүйесі тоқтатылады

  • 138
  • UPD: 08:32, 15.01.2021
Қарағандыдағы қоғамдық көлікте электронды билет жүйесі тоқтатылады

Қарағандыда қоғамдық көліктердегі электронды билет жүйесі ақпанның 15-інен бастап тоқтатылады. Себебі жоба аяқсыз қалған.

Корей елінен келген инвестор бұл жұмысты осыдан 5 жыл бұрын қолға алған болатын. Былтыр қыркүйек айында әйтеуір әупірімдеп іске қосқан еді. Бірақ қуаныш ұзаққа бармады. Автопарк жауапсыз компаниямен келісім-шартты бұзды. Енді шаһардағы 560 автобусқа орнатылған жол ақысын қабылдайтын қондырғылар бір айдан соң түгел қайтадан алынуы тиіс.

Айта кету керек, инвестор осы күнге дейін 30 мың картаны сатып үлгерген. Олардың барлығын жаңадан келетін компания тегін ауыстырады.

Темірлан Қалдыбаев, жолаушылар көлігі секторының бас маманы:

- Қазіргі таңда бірнеше компания қарастырылып жатыр. Негізгі талап қысқа мерзімде, яғни үш айдың ішінде барлығын орнатып, барлығын іске қосу болып табылады. Қазіргі таңда бірнеше қалаларды қарастырып жатырмыз, қалай енгізді, қандай жүйе жұмыс істеп жатқанын қарастырудамыз. Смарт карталарын алып қойған адамдарға тегін ауыстыру, яғни өз қаражаты есебінен жаңа компания жүзеге асыру керек.

Хабар 24 телеарнасы