Коронавирус жұқтырған 285 адамның жағдайы ауыр

15 қаңтардағы мәлімет бойынша 23 734 адам короновирус инфекциясынан (11 922 КВИ+ және 11 812 КВИ-) емделуде.

Олардың ішінде 6 142 пациент стационарда, 17 592 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- жұқтырғандардың арасында:
• 285 адамның жағдайы ауыр;
• 76 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.