430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскемендегі қоғамдық көлікте электронды билет енгізіледі

  • 159
  • UPD: 11:09, 15.01.2021
Өскемендегі қоғамдық көлікте электронды билет енгізіледі

Өскемендегі қоғамдық көліктерде электронды билет жүйесі ақпан айында енгізілуі мүмкін.

Қазір автобустар техникалық тұрғыда дайындалып жатыр. Дегенмен, құрылғыларды орнататын кейбір мамандар шетелден келу керек болатын. Алайда әлемді жайлаған коронавирустан шекара жабылып, шақырған мамандар келе алмай қалды. Сондықтан жобаны да кейінге шегерген. Бастапқыда Өскемендегі автобустар  мен трамвайлар да жол жүру ақысын төлеуге арналған смарт-карталарды 2020 жылдың мамыр айында енгізу жоспарланған. Ол үшін  1 миллиард 700 миллион теңге облыстық бюджет қаржы да бөлген. Енді техникалық тұрғыда  реттеу мәселесі  тұр. Тек Өскеменнің өзінде оқушыларға  40 мыңға жуық жол жүру картасы әзірленуі тиіс.

Әлібек Тұрсымбетов, қала әкімнің кеңесшісі:

- Бұл жерде атап өту керек. Қоғамдық көлікте болған жеңілдіктер бәрі сақтады. Сонымен қатар карталарға тапсырыс бердік. Қаңтар айында келіп, ақпан айында жүзеге асырамыз.

Хабар 24 телеарнасы