Елімізде 3500-ден астам ауыл жаңғыртылады

Жетінші шақырылған Парламенттің бірінші сессиясында сөз сөйлеген Қ.Тоқаев ауылдарға ерекше көңіл бөлінетінін жеткізді.

«Жаңа стандарттарға сәйкес 3500-ден астам ауылды жаңғыртамыз. Айналасындағы елді мекендердің тірегі саналатын әрбір ауылға баратын жолдар мен республикалық маңызы бар күре жолдар 100 пайыз жөнделеді», – деді Президент.

Одан қалды ауыл әкімдерін сайлау ауылдық округтерде өтетіндігі де айтылды.

«Тағы бір маңызды қадам – ауыл әкімдерін сайлау. Биыл жекелеген ауылдық округтерде сайлау өтеді. Біз жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ең төменнен бастап нығайтуды көздеп отырмыз. Бұл – өте маңызды мәселе», – деді Мемлекет басшысы.

Осы тақырып бойынша өзге материалдар:

Сот жүйесі жабық корпорация болмауы тиіс – Қ.Тоқаев

ҚР Президенті: Сенім мандатына ие болған депутаттар ел үмітін ақтайды деп сенемін

Қ.Тоқаев өткен сайлау саяси бәсекені арттыруға оң ықпал еткенін айтты

Қазақстанда саяси партиялардың Мәжіліске өту шегі төмендетілмек

Президент «жастардың әлеуметтік қызметтері» ұғымын рәсімдеуді тапсырды

Сайлау бюллетеньдеріне «бәріне қарсымын» деген жазу енгізген жөн – Президент

Мемлекет басшысы балалар арасындағы суицид пен буллингтің алдын алуды тапсырды