Ер адам елордадағы сауда үйлерінде бірнеше рет ұрлық жасаған

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Полиция басқармасына елорданың сауда үйлерінің бірінің сатушыларынан тауарлар мен жеке заттарын ұрлау фактісі бойынша бірнеше арыз түскен.  

Елордалық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында бұған дейін сотты болған 53 жастағы елорда тұрғынын ұстады.

Тергеп-тексеру барысында күдіктінің бірнеше күн бойы бір сауда үйінің бутиктерінде алты ұрлық жасағаны анықталды.

Осылайша, қараңғы түскеннен кейін сауда үйіне барып, бутикке тұтынушының кіруін күткен. Сатушының басқа адамға көңілі ауған сәтті пайдаланып, ер адам қолына бірінші түскен зат – «HUAWEI» маркалы ұялы телефонды ұрлаған. Қылмыс бутикте орналасқан бейнебақылау камерасының объективіне түсіп қалған. 

«Ұрының қоржынында мобильді телефон, төсек-орын жабдығы және төсек жапқыш болған. Ұрлаған заттарының біраз бөлігін ол алыпсатарларға өткізіп үлгерген. Шығын сомасы жарты миллионнан астам теңгені құрады.

Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабымен («ұрлық») қылмыстық іс қозғалып, оның бұған дейін елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», - делінген хабарламада.

Күдікті ұсталып УҰИ-ге қамалды.