426,94 518.00 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада кеше түнде 17 мың текше метрден астам қар шығарылды

  • 300
  • UPD: 14:38, 15.01.2021
Елордада кеше түнде 17 мың текше метрден астам қар шығарылды

Бүгін Нұр-Сұлтанда қар жинау жұмыстарына 900-ден астам арнайы техника мен екі мыңға жуық жұмысшы жұмылдырылды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

«14 қаңтардан 15-іне қараған түні қаладан 17 313 текше метр қар шығарылды. Бірінші кезекте жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Одан әрі орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтарға көңіл бөлінеді», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, жиналған қар елорданың аудандарында орналасқан он бір полигонға шығарылады. Қалада қар жинау 24/7 режимінде жүргізіледі. Полигондарда бақылау үшін фото-және бейнекамералар орнатылған.

Хабар 24 телеарнасы