427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алаяқтар қазақстандықтарды банк атынан алдап жүр

  • 304
  • UPD: 14:50, 15.01.2021
Алаяқтар қазақстандықтарды банк атынан алдап жүр

Интернет-алаяқтар қазақстандықтарды банк атынан алдап жүр.

Бұл жолы олар Halyk Bank атынан төлем карталарының нөмірлерін иемденуде, деп хабарлады stopfake.kz.

Ақша бонустары туралы хабарламалар WhatsApp мессенджерінде таратылуда. Хабарлама авторлары үш досыңды тіркеп, банк картасының нөмірін жазуды ұсынады, бірақ сайт барлық көрсеткіш бойынша фишингтік болып табылады.

Halyk Bank қазіргі уақытта мұндай акциялар өткізіліп жатпағанын хабарлады.

«Олар – алаяқтар. Деректеріңізді қалдырмауларыңызды сұраймыз, – деп хабарлады банктен.

Фишинг – бұл интернет-алаяқтықтың бір түрі, оның көмегімен алаяқтар жеке ақпаратты, төлем деректерін иемденеді және олардың жеке аккаунттарына кіреді.

Хабар 24 телеарнасы