427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Теміртауда індет өршіді

  • 230
  • UPD: 15:17, 15.01.2021
Теміртауда індет өршіді

Қарағанды облысының Теміртау қаласында індеттің таралуы тағы да өрши бастады.

Эпидемиологиялық зерттеу қорытындысы бойынша қаңтар айының алғашқы жартысында облыстағы індет жұқтырғандардың 30 процентке жуығы қала тұрғындары болып шықты. Тек бүгіннің өзінде облыс бойынша 42 адамнан қауіпті індет анықталған, оның 20-сы Теміртау тұрғындары. Бұл жағдай санитарлық мамандарды алаңдатып отыр. Олар тағы да індет жаппай таралып кете ме деп қауіптенеді. Себебі қазір қоғамдық орындарда карантиндік талапты бұзу жиілеген. Соңғы бір жарым айда 16 мың нысан тексерілді. 200-ден астамының талапты сақтамағаны анықталып, 80-іне айыппұл салынған. Осыған қарамастан жақын арада облыс  мектептеріндегі асханалар қайтадан жұмыс істей бастайды.

Еске сала кетсек, 3-тоқсанда өңірдегі мектеп оқушыларының 60 проценттен астамы дәстүрлі оқуға көшкен еді.

Юрий Залыгин, облыстың бас санитар дәрігері:

-  Індет жаппай таралмауы үшін қауіпсіздік шаралары мен санитарлық мамандардың талаптарын қатаң ұстау керек. Балалар арасында түсіндірме жұмыстарын жалғастырған жөн. Мектеп асханаларына қатысты сауалдар көп болған. Олардың жұмысына рұқсат беруді жөн көрдік. Бірақ онда келушілердің дене ыстығы өлшеніп отырады. Сыйымдылығы 30 проценттен аспауы тиіс. Ал асхана қызметкерлері таңертең мұқият бақылаудан өтіп отыруы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы