Араб елдерінен ұшып келген екі қазақстандықтан КВИ анықталды

13 қаңтарда Дубай және Шарм-эль-Шейх қалаларынан келген екі қазақстандықтан коронавирус анықталды. Бұл туралы санитарлық - эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады. 

Өткен тәулікте елімізге 13 халықаралық әуе рейсімен 2 мың 53 қазақстандық елге оралды. Оның ішінде 280 адамда коронавирустың жоқтығын растайтын құжат болмаған. Анықтамасы болмаған жолаушылар ПТР тест тапсырып, арнайы стационарға жатқызылды.