420,65 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында қызыл кітапқа енген жануарды атқан браконьерлер ұсталды

  • 173
  • UPD: 16:56, 15.01.2021

Түркістан облысында қызыл кітапқа енген жануарды атқан браконьерлер ұсталды.

Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен өңірлік «Охотзоопром» инспекторлары жүргізген рейд барысында күдік тудырған УАЗ маркалы автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында көліктің жүк салғышынан қарақұйрықтың өлексесі табылды. Үш күдікті сол жерде ұсталып, бірден полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу барысында олардың Шымкент пен Арыс қалаларының және Бәйдібек ауданының тұрғындары екені анықталды. Сондай-ақ полиция қызметкерлері күдіктілерден екі аңшы мылтығын тәркіледі.

Нұрлан Тұмабаев, облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы:

- Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша Шардара аудандық полиция бөлімімен ҚР ҚК 337-бабы, 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп, тексеру амалдары жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар ары қарай жалғасатын болады.

Хабар 24 телеарнасы