Алматыда пәтерде қамалып қалған екі жасар бала құтқарылды

15 қаңтарда Алматыда кезекші-диспетчерлік қызметіне ер адам пәтерде екі жасар кішкентай баланың жалғыз қамалып қалғаны туралы хабарлады.

Жедел топпен бірге бас құтқарушы-психолог бірден оқиға орнына шықты. Оқиға орнында анасы пәтерден шыққан сәтте есік жабылып қалып, екі жасар бала пәтерде жалғыз қалып қойғаны анықталды. Газ плитада қайнап жатқан шәйнек баланың өміріне қауіп төндірді.

«ҚР ТЖМ РЖҚЖ » ММ баспасөз қызметінің мәліметінше, үйде жалғыз қалып қойған баланы қорқытып алмас үшін, РЖҚЖ құтқарушылары қол гидравликалық құралының көмегімен, терезе торларын байыппен және шусыз кеңейтіп, терезені ашты. Құтқарушылар терезе арқылы ішке кіріп, газ плитаны өшіріп, пәтердің ішінен есікті ашты. Жұмыс жедел бірнеше минут ішінде жасалды. Баланың мазасызданып, бала да қатты қорқып қалған. Бас құтқарушы-психолог ана мен балаға шұғыл психологиялық көмек көрсетті. РЖҚЖ құтқарушылары көп қабатты үйдің пәтеріндегі өрттің алдын алды.