Алматы облысы карантинге жабылмайды

Көліктердің кіріп-шығуына да тыйым салынбайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сала мамандары Whats app мессенджерімен тарап жатқан мәліметтің шындыққа жанаспайтынын жеткізді. Жауаптылардың айтуынша, аудиожазба былтыр көктемде жазылған болуы мүмкін. Сондықтан көпшілікті жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.