417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда православ христиандарының мерекесінде жаппай суға түсу рәсімі өтпейді

  • 218
  • UPD: 20:07, 15.01.2021
Ақтауда православ христиандарының мерекесінде жаппай суға түсу рәсімі өтпейді

Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, Каспий теңізіне түсуге тыйым салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндағы мақсат – халық арасында қауіпті індеттің таралуына жол бермеу. Бұл туралы Дін басқармасының басшысы Мақсатбек Маханбетов мәлім етті. Шешім еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты қабылданды. Жергілікті православ діни бірлестігінің протоиерейі Игорь Выриков та теңізде суға түсу рәсімін жасамауға шақырды. Діни бірлестіктерді және облыс тұрғындарын күшейтілген санитарлық - дезинфекциялық режимді сақтауға және өміріңізге қауіпті індеттен сақтануға шақырамыз деді ол.

Мақсатбек Маханбетов, облыстық дін істері басқармасының басшысы:

– Маңғыстау облысының Бас санитарлық дәрігердің 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 1 «Маңғыстау облысының аумағында коронавирус инфекциясының алдын алу туралы» Қаулысының 6-тармағы 3-тармақшасына сәйкес діни бірлестіктерге ұжымдық бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынғанын негізге ала отырып Маңғыстау облысының әкімдігімен Православ христиандарының «Шомылдыру Рәсімі» мерекесі күні діни жоралғыларды орындау үшін теңіз жағасында жаппай суға түсу рәсімінің өткізілуіне шектеу қойылғанын хабарлаймын.

Хабар 24 телеарнасы