414,36 504.70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан – Шымкент – Ташкент бағытын қамтитын жаңа теміржол желісі салынбақ

  • 271
  • UPD: 12:38, 16.01.2021
Түркістан – Шымкент – Ташкент бағытын қамтитын жаңа теміржол желісі салынбақ

Қазақстан мен Өзбекстан Түркістан – Шымкент – Ташкент бағытын қамтитын жаңа теміржол желісін салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – қос Үкімет бекіткен Жол картасындағы міндеттердің бірі. Осылайша, тараптар екі елдің туристік әлеуетін арттыруды көздейді. Сонымен бірге ала тақиялы ағайын Ташкент облысы арқылы өтетін көлік ағынын азайту үшін Ұшқұдық – Қызылорда жаңа көлік дәлізін ашуды ұсынды. Тіпті іргедегі көршілер бұл жоба үшін қаржыландыру көзін тауып қойғанын айтып отыр.

Сардор Өмірзақов, Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары:

- Ұшқұдық – Қызылорда автокөлік дәлізі – бұл Өзбекстанның бастамасы. Ташкент облысындағы жүк көліктердің ағынын азайту үшін Қазақстанға осындай ұсыныс жасадық. Бүгінде Қазақстан тарапынан бұл сұрақты қарастыру мәселесі тежеулеп тұр. Сол себепті нақты келісімге қол жеткізе алмай отырмыз. Бірақ бұл сұрақты Қазақстан Президентінің 2019 жылы Өзбекстанға жасаған сапары барысында қос мемлекеттің басшылары талқыға салғанын айтып кету керек.

Хабар 24 телеарнасы