Індетті жұқтырғандардың саны күрт өсуіне байланысты елорда, Ақмола және Қостанай «қызыл» аймақ санатына өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары «сары» аймақ тізімінде. Қалған өңірлерде қауіптілік деңгей төмендеп, «жасыл» аймаққа орналасты.
Еске сала кетейік, елордада карантин талаптары қайта күшейді. Осыған орай демалыста ойын-сауық мекемелері жұмысын тоқтатады. Қоғамдық көлік те қатынамайды.