419,48 505.95 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелден ұшып келген тағы үш қазақстандықтан коронавирус анықталды

  • 200
  • UPD: 13:32, 16.01.2021
Шетелден ұшып келген тағы үш қазақстандықтан коронавирус анықталды

15 қаңтар күні Қазақстан аумағына Қытай, БАӘ, Египет, Түркия, Грузия, Беларусь және Өзбекстан елдерінен 12 халықаралық әуе рейсі ұшып келді.

1 941 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 725 адам, анықтамасыз 216 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 169 жолаушы, анықтамамен – 1 042, анықтамасыз – 127;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 739 жолаушы, анықтамамен - 650, анықтамасыз - 89;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 33 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Сондай-ақ мәлім етілгендей, 14 қаңтар күні шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келген ҚР азаматтарының тест нәтижелері белгілі болды. Оған сәйкес, «Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан» рейсінің – 1, «Дубай – Алматы» рейсінің 2 жолаушысынан коронавирус анықталды.

Хабар 24 телеарнасы