Қарағанды облысында жасанды жолмен ұрықтандыруға бөлінетін квота саны жеті есеге өсті

Былтыр өңірде 84 отбасы ЭКО бағдарламасымен жеңілдік алса, биыл бұл көрсеткіш 530-ға жетіп отыр.

Оның 60 проценті ауыл тұрғындарына арналған.

Белсіздік пен бедеулік індеті жыл өткен сайын жасарып келеді. Қарағанды облысында шаңырақ көтерген әр алтыншы отбасы осының тауқыметін тартып отыр. Тұрмыс құрғанына 8 жыл болған Динараның да соңғы жылдары үміт шырағы сөне бастаған. Алайда ол ақ халаттылар көмегіне жүгінген.

Динара Москаленко, қала тұрғыны:

- 2013 жылы бедеулік диагнозы қойылды. Содан кейін квота алмаққа кезекке тұрдым. Бірақ кезегім ұзақ болғандықтан, уақыт жоғалтпайын деп өзіміз ақшасын төлеп экстракорпоральды ұрықтандыру жасаттық. Сәті түсіп қызды болдым. Бақыттан басым айналып жүргенде бірер жылда квота бойынша кезегім келіпті. Оны да құр жібермей екінші рет қолдан ұрықтандырдық. Ұлым дүниеге келді. Қазір бізден бақытты жан жоқ.  

Былтыр Мемлекет басшысының тапсырмасымен ЭКО бағдарламасы іске қосылған. Нәтижесінде ел бойынша 7 мың квота бөлінді. Оның 532-сі Қарағанды облысына тиесілі. Нәтижесінде 355 әйел ана бақытын сезінген. Биыл сұранысқа сай 1 қаңтардан бастап «Аңсаған сәби» бағдарламасы шыққан.

Татьяна Слободчика, репродуктолог:

- Квоталарды жүзеге асыру осы жылдың қаңтарынан басталды. Қазір ұзақ кезекте тұрғандар қолдан ұрықтандыру жасатып жатыр. Биыл квоталардың саны 7 есеге өсті. Себебі квотаға мұқтаждардың саны көбейді. Бұл бағдарламаның нәтижелігі 25-30 процентті құрайды. Біз әр емхана бойынша мониторинг жасап, бала сүйе алмай жүргендерді анықтап, осы бағадрламаға қосамыз. 

Атап өткен жөн, бөлінген квоталардың 60% ауыл тұрғындарына бағытталған. Ол үшін үміткердің жасы 18 бен 42 жас аралығында болуы тиіс. Және соматикалық аурулардың болмауы маңызды.

Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Аслан Демесбаев