Елімізде 24 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

18 қаңтардағы мәлімет бойынша 24 875 адам короновирус инфекциясынан (13 180 КВИ+ және 11 695 КВИ-) емделуде.

Олардың ішінде 6 570 пациент стационарда, 18 305 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- жұқтырғандардың арасында:

  • 294 адамның жағдайы ауыр;
  • 60 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 40 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.