429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бұрын сотты болған елордалық оқу орталығына ұрлыққа түскен

  • 206
  • UPD: 10:40, 18.01.2021
Бұрын сотты болған елордалық оқу орталығына ұрлыққа түскен

Полицейлер Нұр-Сұлтан қаласындағы балалар оқу орталығына ұрлық жасаған күдіктіні ұстады.

Қаскүнем жалпы сомасы 1 млн 200 мың теңге болатын техниканы, атап айтқанда «LG» маркалы теледидар, «НР» маркалы принтер және микротолқынды пешті жымқырған.

Ер адамның түнгі уақытта терезені майыстыру арқылы оқу орталығына кіріп ұрлық жасағаны анықталды. Бейнебақылау камерасына түсіп қалмас үшін ол бетін жауып тұратын бас киім киген. Ұрланған заттарды таксиге тасыған, келесі көшеде күтіп тұрған такси жүргізушісі ештеңеден күдіктенбеген. Жедел-іздестіру шаралары барысында бұрын бірнеше рет сотты болған 39 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Күдіктіге қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қабылданып, тергеу изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Күдікті ұрлық жасағанын мойындады, заттай дәлелдемелер тәркіленіп оқу орталығына қайтарылды. Сондай-ақ оның бұрын елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы тексерілуде.

Ақпарат көзі: Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы