588 жолаушы Қазақстанға ПТР анықтамасыз ұшып келген. Өткен тәулікте елге Ұлыбритания, Германия, Мальдив Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктерінен және тағы басқа елдерден 17 халықаралық әуе рейсі келді.
Жолаушылардың 2 мың 600-ден астамында коронавирус жұқтырмағанын растайтын анықтама болған. Ал тиісті құжат көрсетпеген қалған жолаушы ПТР сынама тапсырып, карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтіп жатыр.