417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандылық браконьер төрт елікті атып алған

  • 131
  • UPD: 13:58, 18.01.2021
Қарағандылық браконьер төрт елікті атып алған polisia.kz

Қарағанды облысында полицейлер төрт елікті атып алған браконьерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қаңтарда Қарағанды облысының Шет ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында жазық далада кетіп бара жатқан қарда жүретін көлікке назар аударған.

Тәртіп сақшыларын байқаған көлік жүргізушісі қашып кетуге тырысқанымен, ол көп ұзамай ұсталды. Көлік тізгінінде Қарағанды қаласының 46 жастағы тұрғыны болған.

Қарда жүретін көлікті қарау кезінде полицейлер төрт еліктің өлі денесін, үш теріні, он екі тұяқ, аңшы мылтығы мен карабинді тапты. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабымен (Заңсыз аңшылық) қылмыстық іс қозғалды.

Қазір уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы