Алматыда карантинді 32 арнайы топ қадағалайды

Елде эпидахуал ушығып жатса да, кәсіпкерлер карантин талаптарын белден басып жүр. Мәселен, Алматыда дәл осындай 28 дерек анықталды.

Өткен тәулікте  мониторнигтік топ өкілдері 553 нысанды тексерген. Қауіпсіздік ережесіне көз жұма қарағандарға сол арада шара қолданылды.

Айта кетейік, қалада 32 арнайы топ жұмыс істейді. Олар күні-түні рейдке шығып, көпшілік орындардағы жағдайды назарға алады. Нәтижесінде осы кезге дейін 1212 нысанда олқылықтарға жол берілгені белгілі болды. Әкімшілік құқық бұзған заңды тұлғаларға 77 млн 700 мың, ал бетперде тағу режимін сақтамаған жеке тұлғаларға 30 млн 627 мың теңгеден астам сомаға хаттама толтырылды. 24 іс сот қарауында.