Қостанай облысында карантин қайтадан күшейтілді

Қостанай облысында бүгіннен бастап карантин талаптары қайта күшейтілді.

Демалыс күндері локдаун сақталып, қоғамдық көлік қатынасы тоқтайды. Сонымен бірге сенбі, жексенбіде сауда ойын-сауық орталықтары жұмыс істемейді. Мешіт, шіркеулер қайта жабылады. Қазір коронавирус бойынша аймақтың эпидемиологиялық жағдайы көңіл көншітпейді. Инфекциялық орталықтардағы төсек-орындардың 40 проценті толған. Оның жартысына жуығы Қостанай қаласына тиесілі. Оқушылар мен мұғалімдер арасында ауру жұқтырғандар саны жүзден асқан. Осыған байланысты облыс орталығындағы штатты режимдегі мектептер екі аптаға қашықтан оқуға көшірілді. Ал бастауыш сыныптар оқуды кезекші топтарда жалғастыра береді.    

Зәуре Байменова, облыстық білім басқармасының басшысы:

- Қыркүйек айында бізде кезекші топтар аз болды. Үшінші тоқсаннан бастап кезекші топтар көбейді. Өйткені ата-аналар өтініш білдірді. Балаларымызды бастауыш сыныптарда оқыту өте қиын. Өзіміз жұмыс істейміз. Сондықтан біз тағы кезекші топтарды ашқан болатынбыз. Егер ата-аналар осы екі жетіде балаларын қашықтан оқытуға көшіргісі келетін болса, мектеп әкімшілігімен келісіп көшіруге болады.