Елордадағы ХҚКО-лардың жұмыс кестесі қайта өзгерді

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен елордалық ХҚКО-лардың жұмыс уақыты екі сағатқа қысқарды.

Енді халыққа қызмет көрсету орталықтары, сонымен қатар автоХҚКО-лар қызмет алушыларды дүйсенбі-сенбі күндері аралығында 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайтын болады, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын елордалықтар ХҚКО-ға дүйсенбі-жұма күндері 09:00-ден 20:00-ге дейін және сенбі күні 18:00-ге дейін аралығында жүгіне алатын.

Сондай-ақ ХҚКО-ларда әлі де карантин талаптарына сай бетперделік режим және қашықтық сақталады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары:

№1 Есіл аудандық бөлімі – Мәңгілік ел даңғылы, 30;

№2 Есіл аудандық бөлімі – Сауран көшесі,7;

Алматы аудандық бөлімі – Тәуелсіздік даңғылы, 32;

Байқоңыр аудандық бөлімі – Абай даңғылы, 80;

№1 Сарыарқа аудандық бөлімі – Республика даңғылы, 43;

№2 Сарыарқа аудандық бөлімі – С409 көшесі, 13;

№1 мамандандырылған ХҚКО –20 – 40 көшесі, 2.

№2 мамандандырылған ХҚКО – А-82 көшесі, 8 («Нұрлы-жол» вокзал кешені ғимараты