ШҚО-да 25 миллион теңге жымқырған алаяқ ұсталды

ШҚО-да шамамен 25 миллион теңге жымқырған алаяқ құрықталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Қаңтар айының басында жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында алаяқтық жасады деген күдікпен 27 жастағы Тарбағатай ауданының тұрғыны ұсталды.

«2020 жылы қыркүйек айының ортасында күдікті әйел бизнесті дамытуда көмек көрсету сылтауымен 30 жастағы Ұлан ауданының тұрғынынан 24 млн теңгеден астам мөлшерінде ақша қаражатын алып, алдап кеткен», – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Жауап алу барысында күдікті кінәсін мойындады.​Осы факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі бойынша (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ...