Қарағанды облысы «сары» аймақтар тізіміне енді

Қарағанды облысында коронавирус індетінің таралуы қайтадан қарқын ала бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның салдарынан өңір «сары» аймақтар тізіміне енгізілді. Ведомствоаралық комиссияның ақпараты бойынша өңірде соңғы тәулікте 62 адамның ауру жұқтырғаны анықталған, оның 26-сы – Теміртау қаласының тұрғыны. Қазір санитар мамандар Теміртау қаласы мен облыс көлемінде карантиндік шектеулер енгізу мәселесін қарастырып жатыр.

Юрий Залыгин, облыстың бас санитар дәрігері:

– Індет күрт таралып кетпес үшін қазір қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керек. Балаларға да көңіл бөлген жөн. Сондай-ақ егде жастағы тұрғындар мен созылмалы аурулары бар адамдардың аса сақ болғаны абзал. Қажет жағдайда оқшауланып, далаға, қоғамдық орындарға шықпау керек.