419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда инфекциялық аурухана қаражатын жымқыруға қатысты тергеу басталды

  • 159
  • UPD: 22:30, 18.01.2021

Бүгін әлеуметтік желілер мен кейбір ақпарат порталдарында Алматының Жайлы қалалық орта басқармасының жетекшісі Сапар Нұрашев ұсталды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басқарма жетекшісі коронавирусқа қарсы күрес үшін салынған модульді аурухананы тұрғызу кезінде ірі көлемде ақша ұрлады делінген. Бірақ қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі Сапар Нұрашевтің қамауға алынбағанын, оның жұмыста отырғанын айтып бейнежазба таратты.

Сапар Нұрашев, Жайлы қалалық орта басқармасының жетекшісі:

– Өздеріңіз көріп отырғандай, мен жұмыс орнымдамын. Бүгін қала әкімінің қатысуымен жиналыс өтті, қажетті тапсырмалар берілді. Мені ешқайда шақырған жоқ, мұндай ақпаратты естімедім. Жұмыс жалғасуда.

Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас маманы Нұрбек Нәбиев біздің тілшіміздің сұрағына ұсталған жоқ деді. Бірақ сотқа дейінгі тергеу амалдарының тіркелгенін растаймыз деп қысқа қайырды. Модульді жұқпалы аурулар ауруханасы былтыр салынғанын айта кетейік. Нысанның құны 5 млрд теңгеге бағаланған еді.

Хабар 24 телеарнасы