ҚТЖ темір жол билеттерінің не үшін қымбаттайтынын түсіндірді

Бірінші наурыздан бастап елімізде темір жол билеттері 7 процентке қымбаттайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл барлық әлеуметтік маңызы бар бағытқа қатысты. Жолаушылар тасымалы компаниясы бағаның өсуін қызмет көрсету сапасын жақсартуға ден қоюмен түсіндіреді. Қазір жылжымалы құрам паркі жаңартылып жатыр. Соңғы екі жылда компания 160-қа жуық жаңа вагон сатып алған. Биыл тағы 50-ін алу жоспарланды. Олар Алматы-Маңғыстау, Қызылорда–Семей, Алматы-Өскемен және Нұр-Сұлтан-Семей бағыттары бойынша жолаушы тасымалдайтын болады. Сондай-ақ вагон ішін тазалау да жаңа талаппен жүзеге асырылады. 

Мәди Мұхамедқали, «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі:

– Тасымалдаушының шығыстарын ұзақмерзімді субсидиялауға арналған шарттар шеңберінде ағымдағы жылдың бірінші наурызынан бастап, әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жол жүру құнын 7 пайызға арттыру жоспарлануда. ҚР жолаушылар тасымалының жол жүру құны көрші мемлекеттермен қарағанда, салыстырмалы түрде төмен болып табылады.

Сондай-ақ...