419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда коронавирус өршіп тұр

  • 204
  • UPD: 20:26, 18.01.2021
Талдықорғанда коронавирус өршіп тұр

Алматы облысы эпидемиологиялық ахуал бойынша «сары аймаққа» өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Індет Талдықорғанда өршіп тұр. Ескелді, Көксу, Панфилов аудандарында да жағдай мәз емес. Осы уақытқа дейін өңірде сегіз мыңнан аса адамнан короновирус анықталды. Сала мамандары жағдайдың күрделенуіне жаңажылдық басқосулар мен қыдырыстар себеп болды дейді. Өйткені сырқаттанып ауруханаға түскендердің дені мереке кезінде індет жұқтырған екен. Науқастардан екі апталық инкубациялық кезеңінен кейін ғана ковид белгілері байқала бастаған. Мәселен, өткен тәуліктің өзінде өңірдегі 90 тұрғыннан алынған ПТР сынамасынан вирус табылған. Екі апталық өсім көрсеткіші 1 процентті құрады. Өңірдегі эпиджағдайды тұрақтандыру мақсатында шектеу шаралары қабылданады. 

Асхат Шарапиев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Қазіргі таңда облыс бойынша қатаңдату шараларына қаулының жобасы әзірленіп жатыр. Бұл жерде демалыс күндері қоғамдық тамақтану жерлері жабық түрдегі базарлар, сауда-саттық жерлерін жабу қарастырылуда.

Хабар 24 телеарнасы