Оралда қоғамдық көліктер жұмысқа шықпай қалды

22 бағытта жүретін кей автобустың жүргізушілері таңертең қызмет көрсетуден бас тартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан тұрғындар қытымыр аязда автобусты сағаттап күтуге мәжбүр болды. Жүргізушілер әкімдік пен автопарктен бұрынғы бағдарды қалпына келтіруді талап етті. Бұл бағыттағы қоғамдық көліктер былтырдан бастап Зачаганск бау-бақша серіктестігіне дейін қатынап жүр. Алайда саяжайға барғаннан табыс емес, шығын көріп келеміз дейді жүргізушілер. Әкімдікпен арадағы келіссөзден соң, автобустардың барлығы қайтадан жолға шықты. Сала мамандары түйткілді щешу жолдарын қарастыруға уәде етіпті. Олар алдымен саяжайға қатынайтын өзге автобус мәселесін оңтайландырып алуды көздейді.

Нұрбол Сабыржанов, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:

– Қазіргі таңда желіде 17 автобус қызмет көрсетіп жүр, күнделікті 7-8 минут интервал аралықпен. Бұрын нөмірі үшінші маршрут қызмет көрсеткен болатын. Енді бөліммен алдағы уақытта қарастырылатын болады.

Сондай-ақ...