Елордада қоғамдық тамақтану орындары карантин режимін бұзды

Елордада соңғы тәулікте мобильді топ мүшелері карантин режимін бұзған 7 нысанды анықтап, жауапқа тартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, Тұран даңғылы бойындағы мейрамханалардың бірінде Қыз ұзату мен 50 жылдық мерейтой өткен. Қатысушылар ешқандай сақтық шараларын сақтамаған. Заң бұзушыларға қатысты жиналған мәліметтер жауапты органға жіберілді. Енді олар әкімшілік жазаға тартылады. Мониторинг кезінде барлығы 139 нысанның қызметі тексерілді. Елордада бүгіннен бастап қоғамдық тамақтану орындары таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін ғана жұмыс істейді. Мұнда қажетті санитарлық талаптар орындалуы тиіс.

Сондай-ақ...