Шымкентте мемлекеттік қызметкерлер ашық кеңсеге ауысты

Шымкентте қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының қызметкерлері ашық кеңседе жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала тұрғындары әр кеңсенің табалдырығын тоздырмайды. Басқарма өкілдері қызметтерді алу мерзімі де қысқарғанын айтады. Жаңа форматтағы қабылдауға алдын ала тіркелудің қажеті жоқ. Тек мамандар ғана емес бөлім басшылары да жайлы кабинеттерін тастап, үлкен залдағы шынымен жабдықталған бөлмелерге көшкен.

Мұрат Әбдірахманов, қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары:

– «Opene space» бағытына өтуімізге байланысты біздегі барлық қызмет оңтайландырылып, барлығын бір кабинетке отырғыздық. Бұл ашықтық жемқорлыққа қол жеткізбеу бағытында жасалып отыр.