ШҚО-да бұрынғы шаруашылық иесі сот орындаушыларын сотқа берген

Шығыста шаруалар соттың табалдырығын тоздырып жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлан ауданы Сағыр аулында банкрот болған бір шаруашылықты өскемендік қарапайым тұрғын сатып алған. Қора салып, оған мал толтырып, толық инфрақұрылым жүйесін де тартқан. Алайда арада 4 жыл өткенде сол жердің бұрынғы иесі «шаруашылық заңсыз саудаға шығарылды» деген желеумен, оны аукционға қойған сот орындаушыларының өзін сотқа берген. Енді ескі қожалық иесі мен сот орындаушылар арасындағы даудың зардабын шаруашылықтың қазіргі иесі тартып отыр. Өйткені соттың соңғы шешімі кімнің пайдасына шешілері әзірге белгісіз. Сондықтан ісін ілгерлетуге сенім жоқ. Тіпті биыл ұсақ малды қайта сатып жіберуге мәжбүр болған. Отбасылық үлгіде құрылған шаруашылық иелері енді тығырыққа тіреліп отыр.

Айнұр Өркенова, шаруашылықтың іс жүргізушісі:

- Ары қарай жұмыс істейміз ба, істемейміз ба? Осыны білмей отырмыз. Енді біздің кінәміз қанша? Аукционда өттік. Сатып алдық, басқа адамдар жасаған құжаттарды дұрыс жасады ма, дұрыс жасаған жоқ па? Оның біздің кінәміз қанша?