Коронавирус: 49 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

19 қаңтардағы мәлімет бойынша 24 894 адам короновирус инфекциясынан (13 226 КВИ+ және 11 668 КВИ-) емделуде.

Олардың ішінде 6 485 пациент стационарда, 18 409 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- жұқтырғандар арасында:
• 312 адамның жағдайы ауыр;
• 61 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 49 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.