Шымкентте ҰҚТ 7,7 млрд астам теңгені заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырған

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті материалдық сыйақыға қаражатты қолма-қолға ақшаға айналдыра отырып, іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазумен айналысқан 8 тұлғадан құралған ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз қызметін анықтады.

ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу барысында қылмыстық топтың 2017-2020 жылдары аралығында коммерциялық ұйымдарға 7,7 млрд астам теңгені құрайтын салықтан жалтару мақсатында жалған шот-фактура жазу бойынша қызметтер көрсеткені белгілі болды.

ҰҚТ мүшелеріне қатысты ҚР ҚК-нің 28-б. 3-б., 216-б. 3-б. (жалған шот-фактура жазу), 262-б. 1 және 2-б. (ұйымдасқан қылмыстық топты құру және басқару), 241-б. (бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзу), 24-б. 3-б., 190-б. 3-б. (алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс сотқа жолданды.