Жыл соңына дейін 6 млн-ға жуық қазақстандық коронавирусқа қарсы еке салдырады

Жыл соңына дейін 6 млн-ға жуық қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина салдырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаппай вакциналау 1 ақпанда басталады. Алдымен белгілі категорияларға кіретін 2 млн адамды егу көзделіп отыр. Олардың қатарында медицина қызметкерлері, педагогтар және полицейлер бар. Қазір ресейлік Sputnik V вакцинасын алу бойынша келісім жасалып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Отандық вакцина сыналудың үшінші кезеңінде. Вакцинаны жеткізу мен ауруханаларға орналастыру 4 кезең бойынша жүзеге асады. Халықтың осал топтарын коронавирустық инфекцияға қарсы егу тегін. Осы ретте денсаулық сақтау министрлігі қауіпті вирусқа қарсы вакцинаны ұлттық екпе салу күнтізбесіне енгізуді сұрады.

Сондай-ақ...