427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында көліктерімен дрифт жасағандар ұсталды

  • 222
  • UPD: 15:31, 19.01.2021
Маңғыстау облысында көліктерімен дрифт жасағандар ұсталды

Маңғыстау облысында көліктерімен түрлі қозғалыс жасап, айналаға қауіп төндірген жүргізушілер ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Мұнайлы ауданындағы жаңа автокөлік базары аумағында болған. Ашық алаңда автомашиналардың дрифт элементтерін орындап жатқаны әлеуметтік желіге тарап кеткен. Бейнероликте жүргізушілердің жылдамдықты барынша қосып келе жатып, кенеттен бұрылып, бірнеше қозғалыс жасағаны анық байқалады. Бұл шоуды тамашалауға жүзге жуық адам жиналған. Бір де бірінде бетперде жоқ. Санитарлық талаптармен қатар  жол қозғалысы ережелерін бұзған бұл іске айыптылар ұсталды. Олар 20 мен 30 жас аралығындағы жастар. BMW, Lexus, Toyota маркалы 8 көлік қатысқан.

Әйгерім Ибатуллаева, облыстық полиция департаменті сыртқы және ішкі коммуникация бөлімінің басшысы:

- Мұнайлы ауданы Полиция бөлімінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жаңа автокөлік базары аумағында автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзғанын байқады. Автокөлік иелеріне ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 595 және 614 баптары бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталды. Сондай-ақ жүргізушілермен жол қозғалысы ережелері мен карантин режимін бұзуға жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.

 

Хабар 24 телеарнасы