Автомобильдерге газ құю кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет – ТЖД

Автомобильдерге газ құю бекеттерінен тұрмыстық газ баллондарын толтыруға болмайды.

Бұл аса қауіпті. Арнайы талаптарды сақтамағандықтан осы жыл басында Шымкентте 50 литрлік газ баллонының жарылуы салдарынан үй қирап, иелері жарақат алған болатын. Осындай апаттардың алдын алу үшін қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Автожанармай құю бекеттері маңында орналасқан газ құю станциясына тұрмыстық газ баллондарын толтыруға тыйым салу қажеттігін ескертті. Тұрғындар газ баллондарды арнайы орындарда толтыруы тиіс. Әрі газ баллондарын арнайы орындарда сақтаулары қажет.

Бауыржан Ізбасаров, қалалық ТЖД басқарма басшысы:

- Бұлардың газ құю құралдары тұрмыстық газ баллондарды құюға арналмаған. Себебі құйған кезде мұнда бұлар өлшей алмайды. Қанша құятынын білмейді. Қалада 4-5 мекемелер бар мамандандырылған газ құятын. Стационарлық газ құю орындары бар. Оларда арнайы құралдары бар газ құятын, сосын қысымын өлшейтін.